МТРА жаңалықтары

Майдангерлер Мәскеуден оралды

 

 

 
9 Мамырды Мәскеуде тойлаған  ардагерлерді Петропавл вокзалында  оркестрдің көңілді әуені қарсы алды. Жеңіс мерейтойына орай  майдандағы ерлік істері мен бейбіт өмірдегі еселі еңбектері үшін   жақында еліміздің  Құрмет орденімен марапатталған Сапар Дүйсенов пен Алексей Решетняк  поездан түсе сала  сапардан алған   әсерлерімен қуана бөлісті.

Сапар Дүйсенов,  Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Ауызбен айтып жеткізе алатын емес, оның бәрін көру керек.
Біздің Қазақстанның жұлдызы жоғары екен. Сондай көңілді келдік, сондай риза болып келдік. Жастар, сендер енді елге, жерге, халыққа ие болыңдар. Ризамыз аудан, облыс басшыларына.

Алексей Решетняк, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Мәскеуліктер әуежайдан бастап өте жылы, жақсы қарсы алды. Үш күн бойы кескілескен ұрыстар өткен  атақты шайқас алаңдарында болдық. Майдандастарымызға тағзым етіп, ескерткіштерді аралап, жақсы концерттік бағдарлама тамашаладық.


Фашистерге Мәскеу түбінде соққы беріп, кері қуған  100,101-ші қазақ гвардиясының ерлігі Ұлы Жеңістің 60 жылдығында ғана жария етілді. Осы жолы елімізден барған ардагерлер делегациясы ерлікпен қаза тапқан бауырларымызды қайта жерлеу рәсіміне қатысты, дейді солтүстікқазақстандық ардагерлерді Мәскеуге бастап барған Жасұлан Қазбеков.

Жасұлан Қазбеков, Орталық сайлау комиссиясының СҚО бойынша бас сарапшысы:
– Бұл бөлімдер 90 пайыз қазақтардан жасақталған екен. Қырғын шайқастардан кейін жерленбей қалған. Сол жерде  қаза тапқан 162 майдангердің сүйегі  қайта жерленіп, Мәскеу мешітінің имамы жаназасын шығарды.  


Ардагерлер д
аңқты қолбасшы маршал Жуков пен генерал Панфиловтың  ескерткіштеріне де тағзым етті.  Мәскеуді қорғаудағы  Бауыржан Момышұлының ерліктері еске алынды. Қазақстаннан барған майдангерлерге Қазақ батырының 100 жылдық мерейтойына арналып Мәскеу баспасынан шығарылған кітаптар тарту етілді.