МТРА жаңалықтары

Кәсіподақ ұйымдары көбейеді

 


 
“Ұжымдық келісім жаса!” Осындай айдармен  Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда ауқымды акция қолға алынған болатын.
Бұндай жұмысқа дем беру үшін әр ұйымда кәсіподақ құрылуы тиіс. Агрокешен саласында осы жұмыс облыс әкімінің қатаң бақылауымен біршама алға басты.   


Естай Жексенбаев
, Ақжар аудандық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:
іздің аудандағы серіктестіктердің 80 пайызы шартқа отырды. Оның көмегі көп  әлеуметтік қорғау жағынан.


Биылғы жылдың алғашқы төрт айында ауыл шаруашылығы жүйесінде 240 кәсіподақ комитеті құрылды.  Бұл жұмысты Мағжан Жұмабаев ауданы ғана 100 пайызға атқарды. Ал қалған 12 аудандарда қарқын төмен. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағы  облыстық комитетінің  төрағасына жеңіл автокөлік берілді.

 

Альфред Мамлютов, агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы:
-Осы көліктің көмегімен біз аудандарға шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізбекпіз.
Бұрын облыстың ана бұрышынан мына бұрышына жету қиынға соғатын.

Жиында Альфред Мамлютовтың ең алдымен қайда баратыны белгілі болды. Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров бірнеше ауданның басшылығын қатаң сынға алды.

  Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
Тайынша ауданында 69 серіктестік жұмыс істейді. Олардың тек 9-ында ғана кәсіподақ бар. Бұндай жағдай Аққайың, Жамбыл, Уәлиханов аудандарына да тән.