МТРА жаңалықтары

“Жол картасы” – партиялық бақылауда

 

“Жол картасын” жүзеге асыруға биыл 5,4 млрд. теңге қарастырылған. Басты бағыт халықты еңбекпен қамту болып қалмақ. Бағдарлама аясында 7283 қосымша жұмыс орны ашылады. Бүгінгі күні 105 жоба бойынша байқау өткізіліп, қырық үш нысанда жұмыс басталған.

  Асқар Сақыпкереев, СҚО халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы:
-Өткен жылдың тәжірибесі биыл ұйымдастыру жұмыстарын бес ай ерте бастауға мүмкіндік берді. Қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандары мен жолдарды жөндеуге, жұмыс орындарын құруға, мамандарды қайта даярлауға және жастар практикасына жұмсалады.
Биыл жобалар ірілендіріліп отыр. Мәселен, былтыр 182 жоба жүзеге асырылса, үстіміздегі жылы – 138.
 

Бағдарлама ауқымды. Сондықтан бюро мүшелері тарапынан сұрақтар көп болды. Асқар Сақыпкереев былтырғы жылдың кемшіліктері биыл барынша ескерілгенін айтады. Ұсыныстар да түсті. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға еңбек кітапшасын міндетті түрде ашқан жөн.
Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Серік Біләлов бюджеттік қаржыны игеру бойынша
кейін келеміз деді. Сондықтан қарқынды барынша арттырған жөн.

Серік Біләлов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

ірінші тоқсанда 48 млн. теңге қаржы игерілмей қалды. Бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр. Қарқын қосу керек.

“Жол картасын” іске асыруға бөлінген қаржы мақсатқа сай, тиімді жұмсалуы қажет. Өңір басшысы партия тарапынан бақылаудың аса қатаң болуы керек екенін қадап айтты. Отырыста “Нұр Отан” партиясы Ақжар аудандық филиалының жұмысы
туралы да сөз болды. Тексеріс барысында көптеген олқылықтар анықталған. Серік Біләлов атқарылған жұмысты жеткіліксіз деп тауып, филиал төрағасының орынбасарын жұмыстан босатуды ұсынды.  Бюро мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.