МТРА жаңалықтары

Қостанайлық алаяқтар


Қостанай қаласында жалған құжаттар мен мөрлерді пайдаланып, дүкендерден бағалы тұрмыстық техника алып жүрген екі белгісіз ер адамды  полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. Десек те  алаяқтарды қолға түсіру  оңайға түспеді. Заң алдында жауап беруден қашқан олар  Қостанайдан сытылып шығып, алаяқтық әрекетін Петропавлда жалғастырмақ болған. Алайда  іздестіру шараларын жедел қолға алған криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы барлық ірі сауда орындарын бақылауға алған. Нәтижесінде күдіктілердің жолы дүкен аралап жүрген жерлерінде  кесілді. Сезіктілер Петропавлдағы бірнеше дүкенге барып, алдаумен тауар алмақшы болғандарын мойындады. Олар Қостанай қаласында 10 шақты алаяқтық фактісін жасап үлгерген. Заң бұзушылар ұрланған тауарды жарты бағасына кездейсоқ адамдарға сатып отырған. Қылмыскерлер  Қостанай қаласының тәртіп сақшыларына тапсырылды.