МТРА жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігінің медальдары

 

 
  Денсаулық сақтау ісіне зор үлес қосқан дәрігерлердің  бірі – Валентина Устеменко  он тоғыз жасында соғысқа аттанған. Бірінші Белорус майданына түсіп, Берлинге дейін жеткен.  Жеңісті де сол жерде қарсы алыпты.  

  Валентина Устеменко,  Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Жеңдік дегенді естігенде қуанғанымыз сондай, оны айтып жеткізу мүмкін емес.
Қасымдағы фельдшер қыз екеуіміз қосылып жыладық. Бұл күнді ұзақ күттік.

Медицина қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымы да шет қалмай, Валентина Петровнаға ақшалай сыйлық жасады. Тағы бір жағымды жаңалық – соғыс ардагерлері аталған ұйымның мүшелігіне өтіп отыр. Енді олар үнемі қамқорлықта болмақ. Марапатқа қарт майдангер Вера  Ракицкая да ие болды. Қырық бірінші жылы Вера Ракицкая әскери фелдьшер ғана болса, қазір ол медициналық қызметтің отставкадағы гвардия майоры. Жауынгерлермен бірге ұрыс даласында оқ пен оттың астында жүрген қария бүгінгі құрметке дән риза. Ал Дарья Романовна Власенконың медициналық еңбек өтілі алпыс жыл екен. Соғыс аяқталған соң майданда танысқан жарымен Петропавлға келеді. Теміржол, кейін бірінші қалалық ауруханада еңбек еткен.

Дарья Власенко, ҰОС ардагері:
Көп қиындық көрдік қой. Соғысқа біздің отбасымыздан үш адам аттанды. Екі ағамның бірін майданда жүргенде кездестірдім. Бұл соңғы кездесу болды. Одан кейін оны көргенім жоқ. Ол күндер енді ешқашан қайтып келмесін. Бүгінгі бейбіт аспан астындағы өмірге шүкіршілік ету керек.