МТРА жаңалықтары

Ботаникалық бақ жаңартылады

 

 

 

 

«Қызылжар оранжереясының» сырты  бірнеше айдан соң көркейіп шыға келеді. Күрделі жөндеуді арнайы тендерді ұтып алған «Строитель» фирмасы» ЖШС қолға алған. Жалпы көлемі 2000 шаршы метрді құрайтын аумаққа 12 адамнан құрылған бригада жұмылдырылды.

Болат Құлмұрзин,  құрылыс учаскесінің бастығы:

-Жұмысымызды  ботаникалық бақтың фундаментін құюдан бастадық. Құрылыс материалдары Қарағанды, Теміртау қалаларынан әкелінген. Барлық жұмысты қазанға дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.

Жасыл
желекке бөленген бұл әсем орынды жөндеуге қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі 238 млн теңге көлемінде қаржы бөлген. Қосымша 75 млн  теңге көріктендіру жұмыстарына бағытталады.

Ирина Шиханова,  «Строитель» фирмасы»  ЖШС өндіріс бөлімінің бастығы:

ұл объектіде  жұмыс істеу біршама қиын. Өйткені жағалай өсімдіктер өсіп тұр. Бірақ біз 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қажетті техника мен адам күші жетерлік.

Қалпына келтіру жұмыстарына «Жол картасы» бағдарламасы бойынша да жұмысшылар тартылады.