МТРА жаңалықтары

Қайырымдылық аптасы

 

 

 Қайырымдылық қанына сіңген қазақ  “Жетім көрсең жебей жүр” дейді. Өңір жастары дүние есігін ашпай жатып, тастанды атанған, кішкентайларынан ата-ана мейірімінен айрылған, сондай-ақ мүгедек балаларға арнап көктемгі қайырымдылық апталығын ұйымдастырды.

Данияр Әбутәліпов, “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы:
-Апталықтың мақсаты –  мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету. Емдеудегі және ата-анасыз  қалған балаларға көмек көрсетуге  кәсіпкерлерді демеуші ретінде тарта отыра  әр мекеменің қажеттілігіне қарай біз көмек жасаймыз.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түберкулезге қарсы диспансер, облыстық балалар ауруханасының кішкентай емделушілеріне және колониядағы  жасөспірімдерге арналып  апталық аясында түрлі мерекелік концерттер мен спорттық шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ балалар мекемесіне   материалдық көмек көрсетілетін болады.  


Жангелді Тәжин,  саңырау балаларға арналған мектеп-интернат директоры:
-Іс-жоспар кіргізілген екен, сол балалар басқа балалармен қосылып ойын ойнаса, оларға басқа да адамдар келіп қайырымдылық жасаса, ол балалар өзінің қоғамның нағыз нақты бір мүшесі есебінде сезінеді. Сондықтан рақмет айтамын. Қайырымдылық іс-шарасының басталып жатқанына өте қуаныштымыз.