МТРА жаңалықтары

Өрт сөндірушілер ант қабылдады

 


 


Өрт сөндірушілер Отан қорғаушылар күнінде ант қабылдауды игі дәстүрге айналдырған. Бұл салттан биыл да жаңылмай, өртке қарсы күрес қызметінің қатарын толықтырған алты құтқарушы өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етті.
Олар бұл қызметтің жүгі ауыр екенін жақсы біледі. Мойындарына үлкен жауапкершілікті артып отыр.
  Бұл күні сондай-ақ осы қызметке көп жылдарын арнағандардың шені жоғарылады. СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Ерік Мәжитов Шығыс Қазақстандағы су тасқынынан тұрғындарды құтқаруға қатысты. Ол бастап барған топ табиғат апатының зардабын шеккендерге бір айға жуық көмек көрсетті. Ол кезде подполковник болса, бүгін енді полковник шеніне ие.  Бұл күні Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатына соғыс және еңбек ардагерлері ие болды. Адал қызметі үшін үш өрт сөндірушіге кеуде белгілері табыс етілді.  

 Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай 6637 әскери бөлімнің бірқатар қызметкерлері “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен марапатталды. Кейбірі жаңа иық белгілеріне ие болды. Грамоталар да өз иелерін тапты. Салтанатты шараға соғыс және ішкі әскер ардагерлері қатысты. Әскерилер оларды Жеңіс мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде ардагерлер отан қорғау міндеті жүктелген азаматтарға жемісті еңбек тіледі