Осыдан 18 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Еліміз өтпелі кезеңде етек-жеңін жинап, әскерін мықтады.
Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ата -баба ерлігін жалғастырып отыр. Елбасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Сіздерге денсаулық тілеймін, еліміз көркейе берсін. Мереке құтты болсын!
Серік Біләлов Қорғаныс істері департаментінің офицерлері Владимир Шуховцев пен Бағыт Рақымжановқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ бірқатар әскерилер Қорғаныс, Ішкі істер министрлерінің 2-3 дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен марапатталды.
Қанат Беляков, 6637 әскери бөлім командирінің орынбасары:
-Ардагерлердің жауынгерлік дәстүрі бүгінгі жас ұрпақтың әскери қызметінің мәңгі мектебі болып табылады. Бүгінде отан қорғау міндеті бізге жүктелген. Ел игілігі үшін қызмет ету біздің қасиетті борышымыз болып табылады.
Бекболат Сүлейменов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының курсанты:
-Қарулы күштер Отан тыныштығын, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біздің әскери қызметті таңдауымыз бекер емес. Ата-балаларымыздың ерлігін жалғастырып, отанымызды қорғауға үлес қосамыз.
Салтанатты жиын көркемөнерпаздар ұжымдарының концертіне ұласты.