МТРА жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы акция

 


Таңсәріден халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы көз қыстылық, бармақ бастылықтың алдын алуға арналған үнпарақтарды келушілерге үлестіруде.
Біреуі Галина Грязноваға да тиді. Парақта жазылғанды мұқият оқыған ол тұрғындардың өздері жемқорлықпен күресулері керек дейді.


Галина Грязнова:
-Көбіміз қазір парақорлық фактісін біле тұрсақ та, үндемейміз.Неге екенін өзімізде түсіндіре алмаймыз. Егер ол жайында біз белгілі органдарға хабарлап, дабыл қақсақ, мұндай қылмыстар азаяр еді.Сонда ғана нәтиже болады.

Нұротандықтар мен қаржы полициясы осы шара туралы баспасөз мәслихатын да ұйымдастырды. Бұл жолғы акцияға біршама өзгерістер енгізілген.


Виктор Молодовский, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:

-Біз халық көп жиналатын орындарда және мемлекеттік мекемелерде үнпарақтар таратамыз. Сосын ұялы телефон байланысы операторларымен келісіп, парақорлық орын алған жағдайда қайда хабарласуға болатындығын айтып, смс жібермекпіз.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің мамандары өткен жылы 11 рет азаматтарды қабылдау шарасын ұйымдастырған. Онда парақорлыққа қатысты 30 дан астам  арыз түсіпті. Соның 15-і бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал биыл 3 рет өткізілген қабылдауға 13 тұрғын келген.

Ғизат Әбдірахманов, СҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:
2008 жылы 28 жемқорлық қылмыс тіркелді. Ал 2009 жылы ол екі есеге өсіп, 57-ге жетті. Биыл осы уақыт ішінде 28 жемқорлық қылмысы анықталды. Оның 1 аудан әкіміне, 1 салық басқармасы бастығының орынбасарына қатысты тіркелді.

Айта кету керек, дәл қазіргі кезде партия жанындағы жемқорлықпен күрес кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 4 ірі іс тексеріліп жатқан көрінеді.