МТРА жаңалықтары

Достық үйіндегі мерекелік концерт

 

 

 

 Соғыс тауқыметін тартып, бүгінгі күнге жеткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің әрбіреуін кейінгі буын құрметті мейман ретінде қарсы алды. Мәртебелі қонақтарға арналып ұйымдастырылған мерекелік кеште сонау жылдардың әндері әуеледі. Қанды қырғынды көзбен көріп, сұм соғыстың ауыртпалығын қайыспай көтере білген бұл жандарға қандай сый-құрмет көрсетілсе де артық етпейді. Олар соғыстан кейінгі жылдары да аянбай еңбек етіп, елді көркейтуге атсалысты. Майдангерлердің ерлігі мен шыдамдылығы кейінгі ұрпаққа үлгі. Ал бұндай кездесулерге ардагерлер қуана келеді. Қаруластарымен тілдесіп, әңгімелесіп қалу үшін үлкен мүмкіндік. Әрі концерт тамашалап, сергіп қайтады. Кездесуге кейінгі буын өкілдері де шақырылыпты. Олар елін жаудан қорғап қалған қаһармандардың ерлігін ұмытпауы тиіс. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған шараны орыс қауымдастығы ұйымдастырды.