МТРА жаңалықтары

Аудармашылар байқауы

 

 

Қазақ поэзиясын насихаттау мақсатында өткізілген байқаудың талабы бойынша аудармашы ақындар кез келген авторды таңдап, оның туындысын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне тәржімалады. Бәрнеше тілде сөз маржанын терген үміткерлер саны жетеу болды.

  Нұрлан Жамантаев, тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығының орынбасары:
-Қазіргі заман позиясын орыс тілді аудиторияға жеткізу мақсатында өткізіліп отырған жарысқа 7 адам қатысты: екеуі қаладан,  бесеуі  ауданнан.
Облыстық кезең аяқталды. Енді Республикалық жарыс өтеді.

 Байқау жеңімпазы атанған Бердібек Шалов ұстаздықпен қатар ақындықты өмірлік серігіне айналдырған   қарымды қаламгер болып шықты.  Ол байқауға Нарша Қашағанұлының “Туған жер” өлеңін аударған.  Аудармасының өрнегі мен бояуы  мейлінше қанық  деп бағаланып, Бердібек Шалов республикалық  жарысқа жолдама алды.

Бердібек Шалов, №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
-Бірінші рет қатысып отырмын.
Өте қуаныштымыз. Бастамасы жаман емес. Жастардың қазақ поэзиясына көп көңіл бөлуіне септеседі.

Екінші орын Марат Ермұқановқа берілді. Үздік үштікке Александр Курленя  енді. Аға буын өкілдерімен сөз жарысына келген Аида Жақсыбаеваның жасы 16-да. Ол  жеңу үшін емес, тәжірибемді шыңдауға келдім дейді.


Аида Жақсыбаева, Озерный орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:
Жарыс қиын болған жоқ, үлкен тәжірибе жинадым.