МТРА жаңалықтары

Журналистер акциясы

 

 

“Дарын” мектеп-лицейінің екінші сыныбында оқитын Олеся Казановская Ұлы Отан соғысы ардагері Федор Брацихинмен алғаш жүздесіп отыр. Бірақ аталы-немерелі жандардай бірден шүйіркелесіп кетті.   Олесяны, әрине, ардагердің соғыстағы ерліктері қызықтырады. 96 жастағы Федор Ефимовичке сұрапыл жылдарды еске алу қиын болғанымен, жастардың жадында жүрсін деп өз басынан өткен оқиғалар туралы айтып берді.

Федор Брацихин, ҰОС ардагері:
-Кенигсбергті алғаннан соң, полкіміз сонда қалды. Бір қарасақ, мотоциклмен жалау ұстаған біреу келе жатыр. Алыстан тудың түсін ажырата алмай біраз тұрдық. Жеткен кезде «Жеңіс! Ж
еңіс деп айқайлап жіберді. Қызыл ту екен ұстағаны. Біз қуанғанымыздан жылап жібердік. Аспанға оқ аттық.


Германияны жеңгеннен кейін Қиыр Шығыста жапон-монғолдар арасындағы соғысты да  бастан өткізіп,  Отан үшін тағы да от кешкен ардагердің кеудесі жарқыраған орден-медальдарға толы. Ең қымбаты –  оң кеудеге жеке тағылған үш Қызыл Жұлдыз ордені.   Майдан даласында өткен жастық шағын еске алған қария әсіресе Сталинград түбіндегі шайқасты ұмыта алар емес.  Волга бойындағы шайқаста сол аяғынан жараланыпты.  Айтары көп ардагердің әңгімесін тыңдаған Алеся Казановская бұл кездесуге қуанышты.

Олеся Казановская, “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы:
-Маған мұғалімнің айтқанынан да атаның әңгімесі қызықты.
Ол өз көзімен көрді ғой. Бұдан былай осы үйге жиі келіп тұратын боламын. Атай ауырмаса екен.  

 


Аға буын өкілі мен өскелең ұрпақтың тілдесуіне   Журналистер одағының облыстық филиалы септесті.

 

 Олеся Казановская,  ҚР журналистер одағының мүшесі:
– Біз акцияға аудандық газеттердің  тілшілерінен бастап барлық журналистерді,  ардагерлерге құрмет көрсеткісі келетін азаматтарды тартып отырмыз.   Қариялрмен кездесіп, әңгімелесіп, шағын сыйлықтарымызды табыстаймыз.Бастысы, ешқайсысы да ұмыт қалмауы тиіс.

Осылай екі Олеся ардагердің үйінде болып, оған мерекелік көңіл-күй сыйлады. Арнайы ұйымдастырылған  бұл акция 9 мамырға дейін жалғасады.