МТРА жаңалықтары

Юрий Зайберттің шығармашылық кеші

 

 

Юрий Федорович Зайберт Бірлік мерекесіне орай жаңа әндер жинағының тұсаукесерін өткізді. Альбом «Песни Юрия Зайберта» деп аталған.  Автор жаңа жинаққа ең таңдаулы туындыларын енгізген.

Юрий Зайберт, ақын-сазгер:
– Халық бірлігі күні альбомымның тұсаукесері өтіп жатқанына қуаныштымын. Менің әндерім Солтүстік Қазақстан өңірінің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып жатыр. Концертте орындалатын әндерде туған жер, жерлес батырлар мен ел бірлігі туралы айтылатын болады.

Қолтаңбасы қойылған жинақтарын таратқан соң Юрий Зайберт өнер сүйер қауымға жеке концертін ұсынып, Отан, достық, бірлік туралы туындыларын орындады. Оның соғыс тақырыбындағы туындылары да бар.   «Марш курсанта», «Сталинградский солдат» әндері әсіресе қариялардың делебесін қоздырып, сарбаздық шақтарын бір сәтке еске түсірді. Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған туындылар жастарды да  бейжай қалдырмады. Юрий Зайберттің өнердегі жолдастарының бірі –  осы өңірге танымал әнші Николай Колокольчиков.Бүгін олар «Родная земля» әнін қосыла шырқады.

Николай Колокольчиков, әнші:
-Менің Юрий Зайбертпен жолымның тоғысқанына 30 жыл болды. Содан бері ерекше талант иесінің  әндерін жиі орындаймын. Біз сахнаға бірге жиі шығамыз.

 Концерт  мерекеге сәйкес жақсы көңіл-күй сыйлады дейді көрермендер.

 

Көрермендер:
-Бүгінгі концерт өте ұнады. Келешекте биікке көтеріліп, осындай кештерді жиі өткізе берсін.
-Концерттен алған әсерім жақсы. Дәл мереке күні осы концерттің өткеніне қуаныштымын.