МТРА жаңалықтары

Спорт ардагерлерімен кездесу

 

 

 

Петропавл экономикалық-техникалық білім кешенінің студенттері мен оқытушылары спорт ардагерлерін құшақ жая қарсы алды. Сахнада шырқалған әндер мен тамаша билер осы жандарға арналды. Степан Башкиров – спорт және Ұлы Отан соғысының ардагері. Дене шынықтырумен ол бейбітшілік орнағаннан кейін әуестенді. Ал Зубайра Богданованың спорттағы жолы 1950 жылы басталды. Коньки тебумен айналысқан ол қала және облыс біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болған.  Республикалық чемпионатта үшінші орынды еншілеп, ел құрамасына кіреді.

Зубайра Богданова, спорт ардагері:
– Ол кезде коньки брезент пен резеңкеден жасалып, асты болтпен жалғанатын. Ал қазір мүмкіндіктер көп. Спорттық құрал-жабдықтар жеткілікті. Тек дұрыс пайдалана білу керек.

 
 Александр Мерк
, Петропавл экономикалық-техникалық білім кешенінің директоры:
– Ардагерлер өздерінің
жастарына қарамастан, спорттың арқасында осы күнге дейін өздерін сергек сезінеді. Олардың айтқан ақылдары мен берген кеңестері жастарға еш уақытта артық болмайды.

Ыстық ықыласқа бөленген ардагерлер де, ақыл-кеңес алған жастар да кешке дән риза болды.