МТРА жаңалықтары

Саябақта зеңбіректер орналасты

 

 

Атақты ЗИС-3 зеңбірегі –  Ұлы Отан соғысының қаһарлы қаруы. Майданда бұл зеңбірекке 6 адам қызмет еткен.  Оғы 6 шақырымға дейін жетеді екен. Қос зеңбірек елімізге жау шапқан күннен бастап, жеңіс туы желбірегенге дейін қызмет етіп, Берлинге дейін барған.  Соғыс аяқталғасын зеңбіректерді шаң басты. Осы күнге дейін  Қарағанды облысындағы қоймада сақталыпты. Облыстық қорғаныс жөніндегі департамент қаруларға екінші өмір сыйлады. Оларды әдейі алдырып, қалыпқа келтірді.  

 

Асқар Қажымов, облыстық қорғаныс жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
-Жақсылап сырлап, дұрыстадық.
Бір зеңбірекке 6 жұлдызша, екіншісіне 5 жұлдызша салдық. Бұл жеңістің 65 жылдығына орай жасалған дүние.

 Бүгін жүк көлігіне тіркелген екі зеңбірек Партизан және Пушкин көшелерімен Жеңіс саябағына жеткізілді. Тұғырға орнатылған қос зеңбіректі енді саябаққа келушілер емін-еркін тамашалай алады.