МТРА жаңалықтары

Қарияларға арналған кештер

 

 

 

 

Қалалық демалыс саябағындағы ашық алаңқай  енді қариялардың еншісінде. Көңілді ән тыңдап, шыр айнала билеп, замандастармен шүйіркелесіп, әңгіме- дүкен құру үшін бұл ыңғайлы орын. Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер Темірғали Елубаев алаңның ашылуы дұрыс дейді.

Темірғали Елубаев, ардагер:

-Сенбі, жексенбі күндері мұнда көптеген қарттар  келеді, билейді. Кейде келіп отырамыз әңгімелесіп.   Рақмет.

Алаң ашылған алғашқы күннен-ақ мұнда көңіл көтеруге келгендердің қатары қалың. Бәрінің жүздерінде жадыраған күлкі, айтатындары  алғыс пен ризашылық.  Көңілді әуендер шалқыған осындай кештерді жаз бойы әр сенбі және жексенбі сайын  тамашалауға болады. Келемін деушілерге алаңның есігі әрдайым ашық.