МТРА жаңалықтары

Жаңа наубайхана

 

 

Бұл цехтағы жұмыстың басталғанына 3 ай ғана. Құжаттарды ресімдеу, қондырғыларды жеткізіп, орнату, жұмысшыларды үйрету – осының барлығы реттелісімен наубайхана іске қосылып, хош иісті сары бөлке сауда сөресіне жетті. Салмағы  600 грамм нан  цехтан 34 теңгеден жөнелтіледі.


Мұрат Мұрадов, цех технологы:

-Тәулігіне 1000 бөлке шығарамыз. Құдай қаласа 4000- ға дейін жеткіземіз. Ыстық нан қалаға, Озерный, Мичуринге жеткізіледі.

Цехта бір ауысымда 4 адам жұмыс істе
йді. Пештің қуаты бір салғанда 330 бөлке пісіруге  шақталған.  Ағайынды Мұрадовтар әуелден наубайхана ісін меңгерген. Сондықтан нан пісірудің қыр-сырын жақсы біледі. Ас атасының сапасы тұтынушылардың  оң бағасына ие болған.


 Мұрат Мұрадов, цех технологы:

Алғашында 1-2 ден беріп кететінбіз. Қазір 20-50ден алып жатыр.

Алдағы уақытта цехта нан пісіретін тағы бір қондырғы қою жоспарланған.
 Тоқаш пісіру қолға алынса, жаңа жұмыс орындары да ашылады.

Вячеслав Иванов, наубайханашы:

Цех салынып жатқанда көмектескенмін. Кейін наубайханашы болып орналастым. Жағдайымыз, жалақымыз жақсы.

Цех басшысы, “Қала нан ” серіктестігінің директоры Ескендір М
ұрадов бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайдың толық жасалғанын айтады. Ендеше кәсіпкерлер де елдің дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлестерін қосулары керек.