МТРА жаңалықтары

Завод ардагерлерінің кездесуі

 

 

 

«ЗИКСТО» АҚ-ның  іргетасы 1895 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында қаланған. 40-шы жылдары неміс фашистері соғыс жариялаған кезде оны бірден Қазақстанға көшіру туралы шешім шығарылады. Осылайша 1941 жылы 14 тамызда 240 адамы бар алғашқы эшелон Петропавлға жетеді.Сол жолы  келген мәскеуліктердің арасында Владимир Барышниковтың әкесі Василий де болды.  Алғашында отбасымен бірге шыққан жұмысшыларды жарты жолда тоқтатып,  бөліп әкетеді. Олардың әйел,  бала-шағалары тек бір жылдан соң ғана Петропавлға арнайы рұқсатпен келу мүмкіндігін алады. Көптің бірі болып 13 жастағы Владимир да әкесімен қауышып, ЗИКСТО  зауытының 4-ші цехына жұмысқа тұрады.

Владимир Барышников, тыл ардагері:
-Мен 4 цехта қырнаушы болып істедім.
Зейнетке шыққанға дейін сол цехтың жұмысымен жүрдім. Ол кезде снарядтар шығардық. Екі ауысыммен жүргенде тамақ ішетін уақыт болмайтын. 100 грамм нан мен 15 грамм қант талон арқылы берілетін. Соған қуанатынбыз.


Кәсіпорында зейнет жасына дейін еңбек еткен қариялар өздеріне таныс жерлерді аралады.
1941-1945 жылдары кәмелеттік жасқа толмай жатып, станоктардың алдында тұрған қыз-жігіттер қазір ата мен әже. Көпшілікке шығаратын өнімдері талай жылдар бойы құпия болып келген зауыт соғыс кезінде бомбалар мен снарядтар жасаған,  Ауыр жұмыстардың барлығы бүгінде қолдарына таяқ ұстаған қариялардың мойнында болды.
 

Валентина Сальникова, тыл еңбеккері:

Зауыт жұмысына 43-ші  жылдан араластым. Жас қыз болсақ та, ерлермен бірдей жұмыс істедік. Ауыр темірлерді көтеріп, өңдейтінбіз. Онда бізде демалыс күні деген бомайтын. Түнгі1-2ге дейін цехтан шықпайтынбыз.


Роза Коптырева
, тыл еңбеккері:

ен 16 жаста болғанмын. Қайда барсам да, жасың толмайды деп алмай қойды. Сосын осында келдім.Басында әр жұмыста жүрдім. Бойымыз станоктарға жетпей бара жатса, жәшік қойып алатынбыз.


Клавдия Дбай
,  тыл еңбеккері:

Басында тәжірибеде жүргендей тегін істедік. Бірақ жауапкершілік үлкен болды. Кейін құрастырушы, машинист болдым. Электр энергиясы барда тынбай еңбектендік. Жарық болмағанда жұмыс тоқтайтын.

Күн демей, түн демей қызмет еткен тыл ардагерлері зауыт аумағын аралап, көздеріне жас алды. Бұл жерлердің барлығы оларға етене таныс. Әр цехтың жұмысын бес саусақтай біледі. Бірақ  қазір іші өзгерген. Кейбірі тіпті жұмыс істемейді. Ардагерлер зауыт аумағындағы майдангерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.