МТРА жаңалықтары

Мерейтойлық монеталар

 

 


Жаңа монеталар 50 мың данамен шығарылды.  Құнды металдан құйылған әрбір монетаның  салмағы 11 грамм. Сәуірдің 23-нен айналымға шыққан монеталардың тең жартысы бүгінде нумизматтардың қолында.

Ескендір Сүлейменов, “Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ қызметкері:
-Бет жағында Ұлы Жеңістің таңбалары белгіленген. Арт жағында номиналы  – 50 теңге және Қазақстан Елтаңбасы бейнеленген.

Жаңа 50 теңгені Ұлттық банк дизайнерлері безендірген. Қазақстандық монеталар өз еліміздің аумағында ғана емес,  шетелдік коллекционерлердің де үлкен сұранысына ие.  


Ескендір Сүлейменов, “Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ қызметкері:
-Бұл монеталар ҚР және басқа соғысқа қатысқан елдерде бағалы. Монета ҰОС-да жеңіске жеткеніміздің бір белгісі болмақ.  

Жалпы Ұлттық банк естелік монеталардың 36 түрін қолданысқа шығарған. Соңғылары мемлекеттік нышан – қар барысына арналған. Номиналы 100 және 500 теңге. Құнды металдар күміс пен алттыннан соғылған.