МТРА жаңалықтары

Дәстүрлі брифинг

 

 

Жыл басынан бері қазақ жеріне аяқ басқан 15 мыңнан астам шетелдік тіркеуге алынды. Алайда күнкөрістік қаражат табу мақсатында келгендердің арасында шекарадан заңсыз  өткендері аз емес.

Медет Сағдиев, көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы:
-Барлығы облысымыз бойынша 4 айдың ішінде 3 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Олардың 210-ы елімізден шығарылды. Сонымен қатар 42 Қазақстан азаматы шектелдік еңбек күшін заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып отыр.

Осыған орай үстіміздегі жылдың бірінші наурызынан ҚР-ның визаларын беру талаптары өзгерді.

Медет Сағдиев, көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы:
– Жаңа тәртіп бойынша іссапар және жеке санаттағы визаларды Қазақстан аумағы бойынша ішкі істер органдары ұзартпайтын болды. Бұл визаларды тек қана сыртқы істер министрлігінің өкілдері және Қазақстанның басқа елдегі консулдық мекемелері ғана ұзарта алады. Және миссионерлік виза қолданысқа енгізілді.

Ал сәуірдің 14-нен  кедендік одақ мүшелері – Ресей мен Белорусь елдерінің тұрғындарына келу мерзімі  90 тәулік болса, өзге республика азаматтарына бұл мерзім 30 тәулікті құрайды.
Бұрындары шекарада құжаттарына белгі салумен шектеліп келген Тәжікстан мен Қырғыз азаматтары үшін де жеңілдетілген уақытша тіркеу тәртібі өз күшін жойып отыр. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында өткен аптада ұйымдастырылған “Құқық тәртібі” және “Браконьер” жедел алдын алу шараларының қорытындысы жарияланды. Алғашқы шара барысында 839 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, табиғат  қорғау заңнамасын елемеген тағы 144 факті тіркелген.