МТРА жаңалықтары

Құқық қорғаушылар семинары

 Елімізде өкілдік институты енді ғана қалыптасып келеді. Семинарға жиналған сот, прокуратура,  адвокатура, нотариаттар өкілдері алдымен осы  құрылымның  маңызына тоқталды.  

 

Гүлнар Құдабаева, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы:

-Өкілдік мәселесі сот жүйесінің ғана емес, жалпы құқықтық мемлекеттегі маңызды мәселе болып саналады. Бүгінгі семинарымызда соттағы өкілдердің маңызы жайындағы мәселені қарайтын боламыз.

Жеке және заңды тұлғалардың мүддесін адвокаттар қорғайды. Олардың міндетін соңғы жылдары өкілдіктер ала бастаған. Сондай-ақ кей жағдайда бұл жұмыс прокуратура органдарына жүктеледі.


Дулат Рамазанов,  СҚО прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

-Азаматтар физикалық және психикалық кемшіліктерге байланысты өз мүдделерін қорғай алмайтын кезде соттағы олардың талап-тілектерін прокуратура қызметкерлері білдіреді.


Судьялар өкілдерге сотқа қатысу үшін қойылатын талаптар туралы баяндап, жиі кездесетін кемшіліктер жайында түсініктеме берді.

 

Сергей Сизинцев, “Де -факто” заң фирмасының директоры:

-Мұндай шаралар жиі өткізілмейді. Сондықтан сот,құқық қорғау органдары, адвокаттар алқасы өкілдерімен өткен семинар пайдалы болады деп ойлаймын.


 Соттағы өкілдердің арнайы есебі жоқ. Мәселен, әр жағдайда әр фирманың өкілдері ауысып отыруы мүмкін. Сондай-ақ кей өкілдердің тәжірибелері аз. Өкілдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін осындай семинарлар өте қажет-ақ.