МТРА жаңалықтары

Ассамблеядағы кездесу

 

 

 

Облыстық Ассамблея биылғы жылдың алғашқы үш айында біраз істің басын қайырыпты. Ақпан айында еліміздегі бірегей құрылымның 15 жылдығы атап өтілді. Ассамблея Елбасының Жолдауын насихаттау жұмысына атсалысты. Қазақ тілін дамытуға бағытталған бірқатар байқаулар өтті. №17 ұлттық жаңғыру мектебінде бүгінгі таңда 10 орталық жұмыс істейді. Биыл қырғыз мәдени бірлестігі ашылды.

 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Облыстық Ассамблеяда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық-мәдени орталықтар осы алған беттен қайтпайды деп ойлаймын. Ал 1 мамыр- бірлік күнінде ассамблея бар мүмкіндігін көрсетуі керек.  

Облыстық Ассамблеяда “Достық” атты арнайы қор құрылған. Алайда ондағы қаржыны жұмсау механизмі осы күнге дейін белгіленбепті. Өңір басшысы осы олқылықты жуық арада жою қажет деп кесіп айтты. Ауыл-селоларда  ұлттық-мәдени орталықтардың  бастауыш ұйымдарын көбейту қажеттігі атап көрсетілді. Жиын соңында марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі елдегі тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосқан ұлттық-мәдени орталықтар басшыларына сыйақылар табыс етті. Гюлага Илдырымов, Николай Авдеев, Евгений Хан- барлығы 22 ұлттың өкілі осындай марапатқа ие болды.