МТРА жаңалықтары

Жаңа үй пайдалануға берілді.

 

 
Салтанат Есмағамбетова- соғыс кезінде тылда еңбек етті. Бүгін сол бейнетінің зейнетін көретін күнге де аман-сау жетті.
Ақ жаулықты әжеміз осы үйді алу үшін кезекте 30 жыл тұрған екен.

Салтанат Есмағамбетова, тыл еңбеккері:
-Мен 1980 жылы кезекке тұрғанмын. Міне шегеріліп, енді берілді, бақыттымыз,  рақмет. Енді соғысты көрмеңіздер.
 
24 соғыс ардагерінің қолына баспана кілтін облыс әкімі салтанатты түрде табыс етті.  

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Бүгін біз соғыс ардагерлері және әлеуметтік сала өкілдеріне баспана беріп отырмыз. Үйлеріңіз шаттық пен ырысқа толсын!

Ұлы Отан соғысының мүгедегі Қабдыраш Ертаев та енді осы жаңа үйдің тұрғыны. Қуанышты
қария көптің тілегін айтты.

Қабдыраш Ертаев, Ұлы Отан соғысының мүгедегі:
-Мен де соғысқа бардым. Жауды жеңіп қайттым. Міне енді құрметтеп жатқандарыңызға рақмет.

Бұл күні ауған соғысына қатысқан азаматтар, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері де жаңа баспанаға қоныстанды. №26 мектептің мұғалімі Нұржан Сатинге үш бөлмелі пәтердің кілті тиді. Үй иесінің қуанышында шек жоқ. Жұбайы мен үш баласы да бірге шаттанды. Сатиндер отбасы осы бақытты сәтті 8 жыл күтіпті.

Нұржан Сатин, жаңа қоныс иесі:
-Бұрын жалдап келдік, қиын болды, бүгін өте қуаныштымыз. пәтерімізді алғасын бақытты өмір сүреміз.

Жаңа пәтер иесі Асқар Әубәкіров те  Ұлы Отан соғысына қатысқан, ал жұбайы Күлке тылда еңбек етіпті. Салтанатты жиын аяқталған соң өңір басшысы бірқатар шаңыраққа кіріп шықты.