МТРА жаңалықтары

Шағын футболдан өткен республикалық турнир

 

 

 Шағын футболдан өткен сайыс жетпістен астам спортшының басын қосты. Алаңға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының түзету мектеп-интернаттарының оқушылары шықты. Аталмыш турнирді Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен “Спешиал Олимпикс” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулып, олардың қоғамға бейімделулеріне септесу. Юлия Косенконың шағын футболға ден қойғанына бір жыл болыпты. Оның командасы бүгінгі сайыста жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Юлия Косенко, №1 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, Петропавл қаласы:
Жарыс алаңына №2 түзету мектеп-интернатының қыздар құрамасымен шықтық. Ойын жақсы өтті. Біздің команда айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ойын алаңына шыққан командалар бір-біріне дес берер емес. Әуесқой аяқ доп шеберлері жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты.
 
  Денис Денисов, түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, Астана қаласы:
Солтүстік Қазақстан құрамасымен ойнадық. Қарсыластарымыз осал емес. Дайындықтары мықты. Әзірге есеп 2:2. Енді келесі ойындарда бағымыз жанып, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз.


Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталады.