МТРА жаңалықтары

“Еңбек-Қызылжар” кәсіпорнының көрмесі

 

Мұндай облыстық көрме екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – жаңа тұтынушыларды табу. Бұл кәсіпорынның қызметі негізінен сотталғандарды еңбекке баулып, оларды түзу жолға салуға бағытталған. Сондықтан “Еңбек-Қызылжарда” облысымыздың барлық түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер жұмыс істейді.

 Нұрбай Оспанов, “Еңбек-Қызылжар”  кәсіпорнының  №3 учаскесінің бастығы:
-Бүгінгі күні бізде 172 сотталушы жұмыспен қамтылды.
Оларға барлық жағдай жасалып отыр. Жалақылары да аз емес, 18,882 теңгені құрайды.

“Еңбек-Қызылжар” өз қызметін 1999 жылы бастаған. 11 жыл ішінде бұл кәсіпорын өндіретін тауарлар мол сұранысқа ие болды. Тапсырыс беретін ұйымдардың қатарында білім ошақтары, түзету мекемелері мен жеке кәсіпкерлер бар. Мәселен, 164/1 түзету мекемесі тұрақты сатып алушылардың бірі. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының өзінде олар 6 млн.  теңгеге келісім жасапты.

Берік Жәмішев, 164/1түзету мекемесінің бастығы:
– 99 жылдан бастап біз “Еңбек-Қызылжар” кәсіпорнының өнімдерін алып отырамыз.
Оның ішінде төсек-орындар, нан, макарон өнімдері бар. Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметін пайдаланамыз. Тауардың сапасы өте жақсы.

Кәсіпорын үй жиһаздарын, мектеп құрал-жабдықтарын, төсек-орындар мен жұмыс киімдерін, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін шығарады. Сондай-ақ “Еңбек-Қызылжарда” наубайхана да бар. Олар көрсететін тағы бір қызмет түрі – ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.А
л тамыз айында өтетін республикалық көрме биыл Петропавлда ұйымдастырылмақ.