МТРА жаңалықтары

Мерекеге әзірлік басталды.

 

 

 “Қарасай” стадионында дайындыққа барлығы 500 адам жұмылған.  Қойылым режиссері Михаил Лахтин бұл стадионда қолбасшы іспетті. Алаңдағы қалың топ оның әр қимылы мен сөзіне бағынған. Ал жалауша байланыс құралына айналды.  Оның көмегімен дәл мереке күні барлық іс-қимыл  басқарылмақ.

Михаил Лахтин, бас балетмейстер:

-Әр түсті жалаушаның көтерілуіне байланысты  сол түстегі топ жұмыс істейді. Олар алаңда сөзсіз, жалауша бойынша менің бұйрығымды орындайды. Бұл жүйе бұзылса, мерекенің де шырайы кетеді. Сондықтан осы қалған аз күнде барлық іс-қимылдарды мүлтіксіз  орындағанға дейін жұмыс істей бермекпіз.

Ал жалпы
Жеңіс күнін тойлау кезінде қойылымға 1000 шақты адам тартылмақ. Алайда Жеңіс тойы алаңдағы ауқымды көрініспен ғана шектелмейді.

Жанболат Мұқанов, облыстық жасөспірімдер шығармашылығы орталығының директоры:
тадионның оң қанатында соғыс кезіндегі дала асханасы орналаспақ. Онда, әрине, ботқа пісіріледі. Және бұл маңда санитарлық бөлімшенің жұмысы көрсетіледі деп жоспарлап отырмыз.

Облысымыздың 70 жылдығы мен “
Ақ бидай” ауыл спорты ойындарының ашылуы осы “Қарасай” стадионында тойланды. Екі шара да жоғары деңгейде өткені белгілі. Ұлы Жеңістің 65 жылдық тойы да сол биіктен көрінеді деген үміт басым.