МТРА жаңалықтары

Агрокеңес

 

Елбасы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіпке нақты үш міндетті жүктеді: бұл- еңбек өнімділігін еселеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнімді экспортқа шығару. Мемлекеттің қолдауы мен озық үлгідегі техника осының бірден-бір кепілі.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
– Соңғы жылдары серіктестіктер жаңа 9 мың техника алды. Оның құны 88 миллиард теңге. Егіске биыл 840 кешен шығады. Заманауи техника барлық алқаптың 67 пайызына дән сеппек.

 Диқандар бүгінде көктемгі егіске сақадай сай. Ірі астық өсіруші аймақ – Ғабит Мүсірепов ауданы  да науқанға тыңғылықты дайындалған. Бұл аудан биыл облыстағы жалпы егістік көлемінің 18 пайызына тұқым салуы тиіс.

Марат Тасмағанбетов, Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі:
-Біздің аудан науқанға толық дайындалды. Егін сеуіп, жақсы өнім алу – біздің басты міндетіміз.

Астық өсірумен қатар облыста бүгінгі таңда төрт түлік малдың басын көбейту міндеті тұр.

 
Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:

-Биыл Қазақстан Ресейге 5 мың тонна ет сатуы тиіс. Ал 2011 жылы оның көлемі 65 мың тоннаға жетпек. Сондықтан мал өсіруді мықтап қолға алған жөн. Сұраныс бар, бізден ұсыныс керек.

Кеңеске қатысқан ресейлік ғалымдар егіншілік мәселелері бойынша ой бөлісті. Бұл істе байыптылық пен салмақтылық керек деп еесптейді сібірлік академик Иван Храмцов.

 
Иван Храмцов, Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Омбы қаласы:
– Астық өсіру – шығармашылық іс.
Ол қатып қалған үлгі емес. Бір-біріне ұқсас жылдар болмайды. Әр егістік алқабының табиғаты бөлек. Сондықтан әр аймаққа сәйкес технология таңдап алынуы тиіс.

Топырақтағы ылғал да мол өнім алудың негізгі кепілі. Жиынға қатысқан агросиноптик Сәкен Байшоланов диқандарды бір қуантып тастады. Биыл өнім алуға ылғал әбден жеткілікті.


Сәкен Байшоланов, “Қазгидромет” МКК агрометеорология департаментінің директоры:
-Топырақтағы ылғал жеткілікті, вегетация кезеңі де ойдағыдай, орта өнім алуға ылғал жетеді.
Дегенмен, босаңсуға болмайды. Сәуір айында күннің ысып кетуі кері әсерін тигізуі мүмкін.

 
Сәкен Байшоланов, “Қазгидромет” МКК агрометеорология департаментінің директоры:
 – Сәуір айында күн қызуы көтеріліп кетті, кері әсерін тигізеді деген қауіп бар, алайда диқандар тез қимылдаса, барлығы ойдағыдай болады.

Агрокеңесті қорытындылаған аймақ басшысы аграрийлерді көктемгі егісті уақтылы әрі сапалы орындауға шақырды.


Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Біз биыл көктемгі егіс жұмысын уақытында жүргізуіміз керек,  науқанды дер кезінде аяқтаймыз деп ойлаймын.

Маңызды науқан мамырдың орта тұсында басталып, маусымның біріне дейін аяқталуы тиіс.