МТРА жаңалықтары

Табиғатқа жанашырлық танытпаймыз

 

 

Облыста өрт қаупі жоғары маусымға дайындық тыңғылықты жүргізіліпті. 12 орман мекемесінің жұмысынан кемшілік табылған жоқ. 18 арнайы машина отты ауыздықтауға сақадай сай. Тіпті ерікті топтар да құрылу үстінде. Бұл жұмысқа барлығы 1000 шақты адам тартылды. Алайда осындай кешенді дайындықтың өзі аздық ететінге ұқсайды. Облыстағы жалпы жағдай өңір басшысының алаңдаушылығын туғызды. Өйткені соңғы кезде өрт шығу жиілеген, мәселен,  бес  күнде 18 өрт оқиғасы тіркеліпті.
Шал ақын ауданында
қарағай орманы бір сағатта күлге айналған. Бұл оқиғаға қатысты кінәлі тұлға анықталды. Орманның жанындағы сабанды өртемек болған диқан абайсызда бүтіндей орманға кеселін тигізген.  


Досмұрат Ақанов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
өбіне орманның отқа орануына егін себуші серіктестіктер кінәлі. Олар алқаптардағы сабанды жағып, сол маңдағы жасыл желекке қауіп төндіреді.

Ормандардың отқа орануының көлеңкелі бизнеспен де  тікелей байланысы бар екен. Сау ағашқа қарағанда күйгені әлдеқайда арзан.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
ғаш сатушы кәсіпкерлер орманға әдейі от тастайды. Сау ағаштың нарықтағы құны – 850 теңге. Ал күйген ағаштың бір текше метрі бар болғаны 297 теңге. Міне, бар гәп осында. Барлық аудандарда орманды айнала жырту жұмысы атқарылуы тиіс. 5-6 адамнан тұратын ерікті топтар әр селолық округте құрылсын. Енді өрт шалу фактілері тіркелсе, соған кінәлі азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін барамыз.

Облыстық әкімдіктің отырысында тұрғын үй қорының жағдайы да талқыға түсті. Петропавл қаласында барлығы 1000 шақты тұрғын үй бар. Олардың жұмысын бір арнаға тоғыстыру үшін арнайы қызметтің болғаны абзал. Енді қала әкімінің бастамасы бойынша арнайы инспекция жұмыс істей бастамақ.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
5 адамнан тұратын тұрғын үй инспекциясын құрмақшымыз. Бұл қызмет осы саладағы барлық проблемалармен айналысады. Кооператив иелері алаңды көркейтуге жұмылса, біз сол маңдағы жолға асфальт төсеуге дайынбыз.

Нұржан Әшімбетовтың ұсынысы облыс әкімінің қолдауына ие болды.


Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Тұрғын үй инспекциясына арнайы штат бөлінсін, қалалық әкімдік 17 маусымға дейін осы қызметті ұйымдастырсын. Оның маңызы қазір өте жоғары.

Бұндай инспекция бүгінгі таңда Алматы, Астана және Шымкент шаһарларында сәтті жұмыс істеуде көрінеді.