МТРА жаңалықтары

Селекторлық кеңесте маңызды мәселелер қаралды

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті әкімдіктерге қарайды. Бірақ қызмет ұсынушылар –  республикалық органдар. Клиенттер қай орган қандай қызмет түрін көрсететінін айыра алмай департаменттер пен орталықтар арасында жүр. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әділет органдарының міндеттерін нақтылайтын заң жобасын жетілдірген дұрыс. Сондай-ақ орталық қызметкерлері штатының аздығы, жалақыларының төмендігі де жұмыс сапасына әсер етуде. Бүгінде электронды құжат енгізу жағы қолға алынған. Жеке код рәсімдеушілердң ұзынсонар кезектері азайған. Дегенмен, қосымша арнайы қондырғылардың қажеттігі сезіледі. Премьерминистр бұл мәселелердің барлығын есепке алып, нақты шешім ұсынатын жұмыс комиссиясын құруды тапсырды.
Жаз шығысымен “Жол картасы” бойынша жұмыс қызған. Байқаулар ұйымдастырылып, қаржы бөлінген. Үкіметтегілер жеті облыс әлі күнге байқау қорытындылары мен келісімдерді жібермегендерін айтады. Біздің облыста жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бірақ бірқатар ведомстволар қаржыны уақтылы игермеген.

Серік Біләлов, Солтүстіік Қазақстан облысының әкімі:

-Білім басқармасы қаржының 40 пайызын игерді. Мұрағаттар 36,7 миллион теңгенің 50 пайызын ғана жұмсаған.


Ал денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары жұмысты жоспарланған кестеге сәйкес орындауда.
 

Серік Біләлов, Солтүстіік Қазақстан облысының әкімі:

-Мамырдың біріне дейін бөлінген қаржыны игеру 100 пайызды құрауы керек. Аудан әкімдері де жұмысты назардан шығармасын.