МТРА жаңалықтары

Атом станциясындағы апатқа 24 жыл

 

Интернационалист-жауынгерлер ескерткіш басына жолдастарын еске алу үшін және республикалық акция аясында ардагерлер туралы заң жобасын қолдау үшін жиналды. 20-шы ғасырдағы ең ұзақ соғысқа қатысқан  олар өздеріне  ардагер мәртебесін беруді сұрайды.

Мұратбек Қожахметов, “Ауғанстан ардагерлер одағы” ҚҰ мүшесі:
-Бүкіл ҚР бойынша акция өтіп жатыр.Әр қалада ауған соғысына қатысушылар жиналуда. Бізді  интернационалист-жауынгер деп атайды, ардагер деген мәртебе жоқ.

Ауған соғысына қатысушылар жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге белсенді атсалысуда. Ал   соңғы кезде ауған соғысы мен чернобыль оқиғасына қатысушылар “біз сендерді ол жаққа жіберген жоқпыз” деген сөздерді жиі естіп жүр. Өз құқықтарымызды қорғауға күшіміз сарқылып барады дейді олар.


Юрий Лошкарев, “Чернобыль одағы” СҚО ҚМҰ төрағасы:
-Біз жер мен көктің арасында жүрген жандармыз.
Билік басындағылардан да, жетекшілерден де сұрайтынымыз: бізге ардагер мәртебесін берсін.


Олар мүгедек ретінде жәрдемақы алады. Бұл бала- шаға
ны бағуға жеткіліксіз. Екі қолға бір күрек тауып, жұмысқа араласуға денсаулықтары мүмкіндік бермейді. Емханаға қаралу да қиын, ұзын-сонар кезек күтіп тұрғаның, оның үстіне санаторлық ем алу да күн санап қиындап барады дейді апат зардабын жоюға қатысқандар.


Найман Махмұтов, “Чернобыль одағы” СҚО ҚМҰ мүшесі:
– 24 жыл өтті апаттан кейін. Соңғы үш жылда бюджеттік төлемдер 25 пайыздан 3 рет көтерілді. Бізге қосылған жоқ, бізді ұмытты.


Юрий Лошкарев, “Чернобыль одағы” СҚО ҚМҰ төрағасы:
 – Бізге қажет дәрі-дәрмектер қымбат тұрады. 3 мың теңгеден жоғары, арнайы препараттар 25-30 мың теңгеге жетіп жығылады. Оны алуға қалта көтермейді.  


 Шешімін күткен мәселелер көп. Сондықтан ауғандықтар мен чернобыльдықтар барлық есікті қағып, көмек сұрауда.  Жуырда «Нұр Отан» ХДП филиалы жанында олардың құқығын қорғайтын арнайы комиссия құрылды.  Бұл жандардың қатары да Ұлы Отан соғысы ардагерлері секілді сиреп барады. Негізінен қатерлі ісіктен жыл сайын 8-10 адам көз жұмады екен.