МТРА жаңалықтары

Өзіңді таны

Осы күнге дейін облыста өзін-өзі тану пәні сынақ ретінде оқытылып келді.

Ол үшін қаламыздағы 2 балабақша мен 7 білім ошағы арнайы таңдалды. Солардың бірі- 20  мектеп. Бұл оқу орнында сынақ 5 жылға жалғасты. Алдын ала қорытынды көңілден шықты. Сондықтан жаңа пәнді оқу бағдарламасына  толық енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Шәрғия Мұқышева, №20 орта мектеп директоры:
ұл пән балаларды жақсылыққа үйретеді. 5 жыл бойы оны оқытып, көзіміз жетті. Б
арлығына енгізілсе, дұрыс болады

Жаңа пән
ді оқыту  мектеп ұжымдарына қиындық туғызбай қоймайды.  Оны сабақ кестесіне енгізу, жоспар құру- ұзақ жұмыстың  басы ғана. Балалар  құқығын қорғау департаменті осы маңызды істі өз қолына алды.

Владимир Литвиненко,  облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
азір біз кадрлар даярлауымыз керек. Материалдық базаны да жөнге келтіреміз. Осы мақсатпен аудандардағы білім бөлімдеріне барып, көшпелі отырыстарды өткізбекпіз.

Біздің облыста алты жүзден астам мектеп жұмыс істейді.
 Оған 91 балабақшаны қосып қойыңыз. Олардың барлығында жаңа оқу жылында өзін-өзі тану пәні оқытыла бастамақ.