МТРА жаңалықтары

Жанжал кісі өлімімен аяқталды.

 Караванный және Суворов көшелерінің қиылысында ер адамның мүрдесі жатқаны туралы ақпарат жедел басқару орталығына  түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы оның жүрек тұсына тиген пышақ жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының жолы болып, қылмыстың куәгері де табылды.

Алла Симченко, Петропавл қалалық ІІБ-ның тергеушісі:
-Куәгер әйелдің айтуынша, ол жәбірленушімен бірге дүкенге азық-түлік алуға кірген. Дүкен ішінде ол кезекте тұрған бір ер адаммен жан-жалдасып қалады. Ал кейін екеуі далаға шығып кеткен.

Жедел уәкілдер бұл қылмысқа куәгер болған барлық адамдардан жауап алып, күдіктінің портретін жасады. Сезіктіні ұстауға қызметтік ит үлкен көмек көрсеткен. Ол полицейлерді Жұмысшы поселкесінің 40 жастағы тұрғынының үйіне алып келеді.

Алла Симченко, Петропавл қалалық ІІБ-ның тергеушісі:
Сезіктінің айтуынша, жанжал барысында ол пышақ алып шығып, қарсыласын қорқытпақшы болған. Бірақ төбелес барысында пышақ салып, оқиға орнынан қашып кетеді. Жәбірленуші де , сезікті де мас күйде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 103
бабының 3 тармағына сәйкес  қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.