МТРА жаңалықтары

Сәбеңе арналды

 


Конференция жұмысына қатысушылар ең алдымен академик- жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті.  Ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі Сәбит Мұқанов туған халқына мәңгі өшпес мұра қалдырып кетті.
Оның қалам тербемеген жанры жоқ. Конференция жұмысына арнайы қатысқан белгілі ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов  қаламгер еңбектерінің шежіре екенін айтады.
 Ол қазақ ауыз әдебиетін зерттеген,  фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырған. “Сәбеңнің азаматтық тұлғасы биік болатын” деп еске алады жерлес жазушымен жүздесіп, оның тағылымы мол әңгімесін тыңдағандар. Қаламгер туған жерге келгенде  үнемі кіндік қаны тамған ауылының, жерлестерінің жағдайын сұрастырушы еді дейді жергілікті өлкетанушы , журналист Таңат Сүгірбаев.
Ол халқымыздың ардақты ұлының есімін Тимирязев ауданына беруді қалың жұртшылықтың қолдап отырғанын айтады.

Таңат Сүгірбаев , “Асыл мұра” орталығының мүшесі:
-Елбасына хат жолдадық.
Халық қолдап отыр. Мәслихат депутаттары шешім шығарды.

Сәбит Мұқанов мұрасынан сусындап өскен толқын елінің өткенінен молынан хабардар болмақ. Бұл ретте жерлес жазушының қаламынан туған жауһар дүниелерді кейінгі ұрпаққа кеңінен танытудың маңызы үлкен.

Жанар Құлыбекова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты:
2000 жылдан бастап қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенттеріне “Сәбиттанудан” дәріс оқылады. Бұл пәннің “Мағжантану”, “Абайтанумен ” қатар маңызы зор.