МТРА жаңалықтары

Экологтар “Коммунхоз” коммуналдық кәсіпорнын жауапқа тартуда

 

 

Осы уақыт ішінде полигонға 11 мың тоннаға жуық қоқыс төгіліпті. Қалдықтардың арасында табиғат үшін аса зияндысы да бар. Экологтардың шешімі бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 61 млн 863 мың теңгені құраған. Бұл заң бұзушылық жайынан қоршаған ортаны қорғау министрлігі де, қалалық әкімдік те хабардар. Бір жыл бұрын жергілікті билік істі тоқтата тұруды өтінген. Алайда бұл уақытта мәселені шешудің ешбір жолы қарастырылмаған екен. Сондықтан сот процесі басталып кетті. “Коммунхоз” кәсіпорны кінәсын мойындады. Тек арыздың сомасымен ғана келіспей отыр.

Геннадий Воронов, Есіл экологиялық департаменті Солтүстік Қазақстан филиалының бас маманы:

-“Коммунхоз” кәсіпорны біз белгілеген соманың 21 млн 895 мың теңгесін ғана өтеуге келісті. Олар бұл жерде азайтқыш 0,2 коэффициентін қолдану қажет деп санайды. Ал мәслихаттың шешіміне сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды төгуге қатысты нақ осы коэффициент қолданылуы тиіс. Бірақ мына жағдайда ешбір рұқсат болған жоқ, бұл барып тұрған заң бұзушылық. Енді істі сот шешеді.