МТРА жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысының соттар әкімшісі ауысты.

 

 

 Комитет басшысы Георгий Ким соттар әкімшісін өзі тағайындайды. Ол бұл қызметке Сайран Ақтановты ұсынды.  

 

Георгий Ким,  ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы:
-Сайран Ақтанов 5 жыл бойы сот жүйесінде басшылық қызметтерде болды.
Осы күнге дейін Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. Ол соттағы адалдық пен гуманитарлық принциптерді үйлестіретініне сенімдімін.

Сайран Ақтановты осы қызметке тағайындалуымен облыстық соттың судьясы Нұрғазы Әбдіқанов та құттықтап, жылы тілек білдірді.  Ал облыс әкімі бұрынғы әкімші Абай Мамытовтың еңбегін жоғары бағалады.

 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Абай Мамытов соттар әкімшісі болып 10 жыл еңбек етті.
Оның басқаруымен мекеменің жаңа кеңсесі ашылды. Бүкіл соттар электронды іс жүргізу жүйесіне көшті. Және ең бастысы, ведомство бюджетке былтыр 24 миллион теңге салды.

Жиын барысында аймақ басшысы фемида өкілдеріне жағымды жаңалықты жеткізді.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз облыстық сотқа жаңа кеңсе салу керек деген шешімге келдік.
Биыл бұл жұмысты бастап қоямыз. 2011 жылы жаңа ғимаратты қолданысқа береміз.

Бұл кеңсенің салынуы
жаңа әкімшінің бақылауында болмақ.