МТРА жаңалықтары

Сәбит Мұқанов туралы естеліктер айтылды

 

Сәбит Мұқановтың шығармашылығы мен өмір жолы талайдан бері зерттеліп келеді.Қаламгер жайында біраз еңбектер жазылып, баяндамалар оқылғанымен бүгінгі жиын біршама ерекше. Онда жазушының шығармашылық шеберлігі туралы жазылған ой-толғамдар мен зерттеулер емес, адамгершілігі жайлы көбірек сөз болды.

 

Әдебиеттегі емес, үйдегі Сәбең жайын көпшілікке жазушының немере інісі Ермек Мұстафин айтып берді.

Ермек Мұстафин, С. Мұқановтың немере інісі:
Оның бір қасиеті өлеңдерінің барлығын жатқа біледі екен. Ауылдың қу жігіттері Сәбит, мына өлеңнің сөздері қалай еді деп әдейі сұрайтын көрінеді. Сонда ол шамалы ойланып отырып, айта жөнеледі екен. Сөйте тұра, Мәриям апамыз айтып отыратын, ол өзінің машинасының номерін білмейді екен.

 Солтүстік Қазақстан топырағында туған қаламгер өмірдің талай қиын белестерін бағындырды.  Жастайынан жетімдік көрген ол, бір кездері бала оқытып жүріп, мен болашақта “үлкен адам” боламын деп, қатарластарының күлкісіне де қалған екен. Ал жазушының қонақжайлылығы тіпті бөлек әңгіме етуге тұрарлық тақырып.  

 

Амандық Жантеміров, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері:
-Мен Алматыға сырттай оқуға түсіп, сессияға шыққасын әдейі үйіне іздеп бардым.
Кімнің баласы екенімді айтқанда, ел-жұртты сұрай бастады. Алматыда жүріп оның білетін адамдарын, ауылда жүрген мен белмейтін болып шықтым. Сол үйге осы жақтың студенттерінің бәрі баратын. Ақшалары болмай қалса, ақша алып, үйіне қонып кететін.


Кеңес
тік талапқа сәйкес болу үшін Өмір мектебін” бір емес, үш рет көшіріп жазған Сәбең әдебиеттің әр саласына қалам сермеген. Оның туындылары әлемнің 46 тіліне аударылған. Атақты жерлесіміздің 110 жылдығына арналған шаралар әлі де жалғасын таппақ.