МТРА жаңалықтары

Үгіт бригадаларының слеті өтті.

 

9-шы немесе он бірінші сыныпты бітірген әр оқушының алдында мамандық таңдау мәселесі тұрады. Сондықтан  “Менің болашақ кәсібім” тақырыбындағы слет оларға жол сілтеуге тиіс. Қала мен аудандардағы  кәсіптік лицейлер мен колледждердің студенттері өз оқу ордаларын, мамандықтарын жарнамалады.  Олардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде қиялдарына шектеу қойылмады. Біреулері қара сөзбен әңгімелесе, енді бірі би, ертегі әлеміне саяхат арқылы өз мамандығын танытып жатты. Осындай түрлі қойылымдарды көргендердің бірі –  Мұқан Сапаров болашақ кәсібін таңдап қойыпты. Ол компьютердің қыр-сырын меңгерсем дейді.

Мұқан Сапаров, қалалық классикалық гимназияның 9 сынып оқушысы:
-Бүгінгі шара өте қызықты.
Әр колледж өз мамандықтарын көрсетуде. 9 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеседі.


Өткен жылы дәл осы шара қалалық оқу орындарының арасында ғана өтіпті. Биыл облыс
толық  қамтылған.  Есіл ауданындағы №9 кәсіптік лицей ұжымы да осы мүмкіндікті бос жібермеуге тырысқан.


Оралбек Қоңқабаев, №9 кәсіптік лицей директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары, Есіл ауданы:
-Әрине кәсіптік бағдар беру бойынша шара жыл сайын өткізіліп, біз өз лицейімізді жарнамалайтын болсақ, түлектер келеді деген ойдамыз. Біз 5 мамандыққа дайындаймыз. Бүгінгі шара көмегін береді деп ойлаймын.


Қазіргі таңда орта арнаулы оқу орындарында білім алғысы келетін жастардың қатары қалыңдап келеді. Бүгінде 32 мекемеде 97 мамандық бойынша 18 мың болашақ кәсіп иелері білім алуда.