МТРА жаңалықтары

Естелік тақта ашылды


 

Роман Волошенко Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде 25 жыл еңбек етіпті. Жауапты, өз жұмысына адал азаматты әріптестері әлі күнге дейін мақтан етеді.

Константин Токарев,ЖІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Ол өте салмақты, өз ісіне адал болатын.
Қатардағы әріптестеріне кең пейілділікпен қарайтын. Елінің ардақты азаматы болған абзал жанды еске алып отыру біздің борышымыз.


Роман Павлович Волошенко Курск облысы, Журавка
селосының тумасы. 1932 жылдың күзінде Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскері қатарына қызметке кірген, соғыстағы ерлігі мен батылдығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 1946 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстанға қызмет етуге келген ардагер Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып еңбек етеді.  Ол қызметтік міндетін орындау кезінде оқ тиіп, өмірден озады. Әріптесті еске алу үшін Петропавл станциясындағы  ішкі істер бөлімінің 106 тәртіп сақшысы жиналды. Салтанатты шарадан  жетпісті желкелеген Тамара Баталова да қалыс қалмаған, ол  Роман Волошенконың жерлесі екен.

Тамара Баталова, Тоқшын мектеп-гимназия мұражайының меңгерушісі, Аққайың ауданы:
-Мен 7 сынып оқыған кезімде Роман Волошенко біздің ауылға көшіп келген болатын. Ол  кішіге қамқорлықпен, үлкенге сыйластықпен қарайтын. Отбасын жақсы білетінмін.


Айта кету керек, желілік ішкі істер бөлімі тағы  4 полицеймен толықты. Болашағын  қоғамдық тәртіпті сақтау қызметімен байланыстырған жастар отанға адал болуға ант қабылдады.