МТРА жаңалықтары

Ескірген құбырлар ауыстырылады

 

 

 Осыдан 40 жыл бұрын салынған  суағар осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен құбыр жамауға да келмей, жарамсыз болып қалды. Сондықтан оны ауыстыру керек деген шешім қабылданды. Қазір “Фирма Строитель” серіктестігі осы жұмыстарға кірісіп кеткен.
Бұл мақсатқа “Жол картасы” бағдарламасы аясында 216 млн. теңге бөлініп отыр.  Коллектор 50 жыл бойы жөндеуді қажет етпейтін пластикалық құбырлармен алмастырылатын болады. Диаметрі 800 метрді құрайтын екі құбыр Есілдің бойынан өтеді.

 Юрий Цапкин, “Фирма Строитель” ЖШС техникалық бөлімінің бастығы:
– Есіл екі мемлекет арқылы өтеді. Ескі құбырда жарықтар болған соң,  жаман су өзенге ағады. Ал жаңа коллектор өңіріміздегі экологиялық жағдайды біршама жақсартады.

Ал 500 метрлік ескі коллектор резервте тұрады. Қауырт шаруаны қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы бұл ауқымды жұмысқа 10  техника мен 17 адам жұмылдырылды.

  Анатолий Зенченко, учаске бастығы:
– Біз шетел техникаларымен жарақтанғанбыз.
Мұнда барлық жағдай жасалған. Жұмысшалар мұнда үш мезгіл тегін тамақтанады.

“Фирма Строитель” серіктестігі қазіргі таңда тағы 3 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісті.