МТРА жаңалықтары

Энергетиктер есеп беріп жатыр

 

 “Петропавл жылу жүйелері” серіктестігі басшылығы өткен жылды 230 миллион теңгедей шығынмен аяқтағанын айтады. Тұрғындардың да жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын жұмысына көңілдері толмайды. Қыста пәтеріміз суық болды дейтіндердің де қатары артты. Монополистер өткен жылдың өзінде ғана 218 милион теңге жылу тарату құралдарына жұмсалғанын айтады. Бірақ әлі де жылу қуатын үнемдеу мәселесі өзекті тұр.

Андрей Калиничев, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС директоры:

-Шығынды азайту үшін барлық ғимараттарда жылу есептегіш құралдар орнатылуы керек. Бұл жұмыс көптеген үйлерде атқарылмаған. Күрделі жөндеу жұмыстарының көлемін көбейту керек. Біз бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз.

Жылу құбырларын қымтау жұмысының тиісті деңгейде атқарылмай отырғандығын тұрғындардың өздері де біледі.  Ал есептегіш құралдарды орнатқанмен оларға қатысты мәселе аз емес. Құралды жөндейтін кәсіпорын қалада жоқ. Сондықтан есептегішті өндірушіге жөнелтуге тура  келеді.
Қатты қыста жылу берушілер қаланы қатырмай алып шықты, бірақ мұрны терлемеген тұрғындар осы жиналыста наздарын айтып-ақ жатты.
Кәсіпорын басшылығы тұрғындар атаған үйлердің мән-жайына қанық. Әрқайсысына жауаптары әзір. Көп жағдайда қысқа дер кезінде дайындалмаған  баспаналар иелері де  кінәлі. Сондықтан жылу орталығының басшылығы пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларын келесі жылыту маусымына ерте қамдануға шақырды.