МТРА жаңалықтары

Лениннің мерейтойы

Владимир Ленин – аты тарихта қалған тұлғалардың бірі. Пролетариат көсемінің коммунистік идеяларын қолдаушылар қазіргі тәуелсіз елімізде де табылып қалады. Олар келмеске кеткен тарихты еске алып, Владимир Лениннің қалалық саябақтағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дәукен Темірбаев, ХКП СҚО бойынша 1-ші хатшысы:
-Коммунистер үшін, Ленинді жақтаушылар үшін бұл күн мереке.
Оны барлық әлем біледі. Ол жастайынан қарапайым халықтың қамын жеді. Сондықтан халық оны ұмытпайды. Оны қолдаушылар әрқашан
да табылады.

Кеңестік дәуірде 22 сәуір кең көлемде аталып өтілетін. Ол елдің өткен тарихы. Қазір тек коммунистік-социалистік идеяларды қолдаушылар ғана өз араларында пролетариат көсемін естеріне алады. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан ескерткіш маңына жиналғандардың қатарында жастар да бар. Вадим Рудаков тарих мамандығы бойынша оқиды. Ол шараға Совет Одағы
ның гербі бейнеленген футболка киіп келген.


Вадим Рудаков, СҚМУ 4 курс студенті:

-Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Лениндік кезеңді қамтиды. Сондықтан оны жан-жақты зерттеудемін. Жұмысыма қажетті бір материалдар болып қала ма деген мақсатпен келдім.

Петропавлдың коммунистері өз көсемдерінің ескерткішін жөнге келтірмек. Сондай-ақ оны қаламыздағы тарихи ескерткіштер қатарына енгізуді көздеп отыр.