МТРА жаңалықтары

Әскери оркестр мерекеге әзірленуде

 Отанымызға бейбіт аспан сыйлаған айтулы мейрамға қамдануды өнер ұжымы әлдеқашан бастап кетіпті. Күн ара жиналып, майдангерлерді кескілескен ұрыстарға шығарда рухтандырып, күш берген әндерді нақышына келтіріп, орындайды.  Мерекелік шеруге  майдангерлермен  қатар олардың  ерліктерін бағалайтын кейінгі толқын өкілдері де көптеп жиналады.

Оркестр мүшелері жастардың патриоттық әндерді тыңдап өскенін дұрыс көреді.

Жандос Ақбергенов, 6637 әскери бөлім жанындағы оркестрдің мүшесі:
Біздің жас ұрпақ отанын сүйсін деп, тәрбие мақсатында әскери патриоттық әндерді дайындап жатырмыз.

Оркестрдің құрамында барлығы 15 музыкант. Ұрмалы аспаптың шебері Нұрлан Есләмбековтің Отан алдындағы борышын осы оркестр қатарында өтеп жүргеніне  8 ай болыпты.

Нұрлан Есләмбеков,  6637 әскери бөлім жанындағы оркестрдің мүшесі:
Музыка мен үшін өте маңызды. Жас кезімнен музыканы ұнатып,  осы оркестрге келдім. Әскери оркестр әр сарбаздың көңілін көтереді.

Дайындықтың екінші бөлімі мерекелік маршқа арналған. Бұл асқан шеберлікті талап етеді. Өйткені алаңда саппен
жүретін оркестр мүшелері музыканың ырғағын да ұстай алулары тиіс.  Мамырдың 9-ына дейін оркестр әскери бөлімнің жеке отрядтарына шығып, өнерлерін сарбаздарға көрсетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ облыс орталығының шығармашылық ұжымдары арасындағы байқауға қатыспақ.