МТРА жаңалықтары

Соғыс талай баланы ерте есейтті

Германия Кеңес еліне басып кіргенде Екатерина Саможенова әке-шешеден бірдей айырылып, балалар үйін паналаған 11 жасар тұл жетім еді. Краснодар өлкесіне соғыс өрті тез жетті. Жау Ростовқа орныққанда, балалар үйінің тәрбиеленушілері жүктерін тиеп жолға шықты. Бұл 42-ші жылдың тамызы еді. Содан кейінгі бірнеше ай көргендері жау самолеттері, шаршап-шалдыққан, жан сақтап сабылған жұрт болды. Төбеден жауған бомба , балаларды тастап қашқан жетімдер үйінің директоры – бұның барлығын ол ешқашан ұмытқан емес.

Евгения Саможенова:

Жау самолеті жоғарыдан атқылағанда қатты қорқыныш, үрей болды. Барлығымыз жан жаққа бытырай қаштық. Директор бізді тастап кеткенде, қатты қорықтық. Арбамыз сынып қалғанда, көмекке бір әскери келді. Ол атты доғарып, екі орындық арбаны тіркеді. Оған директор қызымен отырды, сол әскери үшеуі бізге өздерің күн көріңдер деп кетіп отырды. Жан ұшырған оның орынбасары арбаның соңынан жүгірді. Біз қала бердік.

Майкоп, Сочи, Сухуми
, Түркіменстан – бұл жетімдер үйінен шыққан төрт қыздың екі айда жүріп өткен жолы. Осылайша Орта Азияға жеткен жетімдерді тағдыр Булаевтан, кейін Медвежин балалар үйінен шығарды. Ауыздары асқа тиді. Әлі де соғыстың қайнаған кезі, жас болса да колхоздың жұмысына араласты.


Евгения Саможенова
:

Көктемде қалып қойған масақты тереміз. Дән сепкен соң арамшөп жұлуға шығамыз. Ол кезде бүгінгідей себе салатын пестицидтер жоқ. Балалар үйін жинап алу оңай ғой, сондықтан алқапқа бізді бірінші әкеледі. Кейін картоптың шөбін жұлуға, қазуға шығамыз.


Ардагер сол кездегі халықтың ұйымшылдығын, бауырмалдығын ерекше бағалайды. Екі ай жаяу, пойызбен, пароходпен келе жатқанда жолдағы тұрғындар барымен бөлісіп, көмек берді. Соғыс аяқталды деген хабар жеткен күн де жадында.


Евгения Саможенова
:

Естігенде барлық балалар далаға атып-атып шықтық. Тұрғындар да далада асыр салып жатыр еді. Бір-бірімізді құшақтап, сүйіп, жылап жүрдік.

Педагогикалық
училищені аяқтаған Евгения Александровна кейін өзі тәрбиеленген балалар үйінде еңбек етті. Институт бітіріп, облыс орталығында мұғалім болды. Тұрмыс құрды, бала өсірді. Немере сүйді. Үш шөбересі бар. Тілегі сол ұрпағының амандығы, елдің тыныштығы.


Евгения Саможенова
:

-Ешқашан соғыс болмасын, бейбітшілік пен келісімді өмір ұзағынан болсын деп тілеймін. Мен өзімнің қартайған шағыма ризамын. Өзіме жететін зейнетақым бар, балаларым, немерелерім келіп тұрады.