МТРА жаңалықтары

Мерейтойлық медальдар

Залға жиналған қариялар соғыс зобалаңы мен тыл тауқыметін тартқан. Бейбітшілік орнағасын білім беру саласында жұмыс істеп, бала оқытқан. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында осындай 130 қария мерейтойлық медальдарға ие болды. Түрлі себептермен келе алмай қалған қарияларға төсбелгілері үйлеріне жеткізілетін болады .

Зәмзәгүл Карманова, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

-Бүгін білім саласында еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне медальдар тапсырайын деп отырмыз. Бүгін түрлі жағдайлармен келе алмаған ата-апаларымыз болса, біз міндетті түрде олардың үйлеріне апарып береміз.

Әлімжан Мәжитовтың ұстаздық еңбек өтілі 51 жыл. Бүгінде ол ұзақ жылғы еңбегінің зейнетін көріп жүрген ардагер-ұстаз.

Әлімжан Мәжитов, тыл еңбеккері:

Ол кездегі балалар тез есейді. Өйткені біз жастайымыздан жұмысқа араластық. Біздің болашағымыз жастар аман болыңдар, елімізде тыныштық болсын.