МТРА жаңалықтары

Қоғамдық тыңдау

“СКРЭК-тің” 150 мың клиенті бар. 5 мыңға жуық кәсіпорын мен мекеме осы монополистің қызметін пайдаланады. Барлығына соңғы екі жылда белгіленген тариф бір болды. Энергияны тасымалдау мен бөлу үшін тариф киловатт сағатына 2 теңге 084 тиын. Сәуір айында оның құны біршама өсті.

Виктор Тен,“СК РЭК” АҚ өкілетті өкілі:

2 теңге 46 тиын көлеміндегі тариф бекітілді. Бұл баға 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың 31-ші наурызына дейін сақталмақ.

Өткен жылы ағымдағы және күрделі жөндеуге 143 миллион теңге бөлінді. Жоспар толығымен орындалды. Биыл да жөндеу науқанына қомақты сома жұмсалмақ.

Виктор Тен,“СК РЭК” АҚ өкілетті өкілі:

-Биыл 1014 шақырымға жуық бағанадағы желілерді ауыстырамыз. Оған қоса 5 шақырым кабельдік желіні жаңартамыз. Бұның барлығына 88 миллион теңге қарастырылды.Сондай-ақ 173 қосымша станцияны жөндейміз.

Есепті жиын соңында кәсіпорын басшылығы жиынға келген қауымның сауалдарына жауап берді.