МТРА жаңалықтары

Қылмыстық істер

 

 

Қаржы полицейлері оған пара беруге азғырды деген айып тағып отыр. Қолға түскен мемлекеттік қызметші Е. есімді азаматқа әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін  қалалық басқарма басшысына бес мың АҚШ долларын  беруді ұсынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.


 Түн жамылып,  сауда үйіне ұрлыққа түскен Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды.

 

Сезікті дүкеннен 140 мың теңгенің ұялы телефондарын қолды еткен. Бұған дейін де басы істі болған баукеспенің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Түнгі үш шамасында Астана көшесіндегі “Страна товаров” сауда үйінде кезекшілік атқарып жүрген күзет агенттігінің қызметкерлерін сынған шынының дауысы елең еткізген. Шу шыққан жаққа беттеген күзетшілер дүкеннен ұзай қоймаған жігітті көріп, ізіне түседі. Ұры көп ұзамай, қолға түсті.

Азамат Жакин, «Сейбол» АҚ күзетшісі:

Мен 02 ге телефон шалып, полиция шақырдым. Сөйтіп екі пакетпен шыққан жігіттің соңына түстім. Оны ұстап, полицияға тапсырдым.

Полицейлер дүкеннің түнгі қонағы – 17 жастағы облыс орталығының тұрғыны екенін анықтады. Бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылған бозбала 140 мың теңгенің ұялы телефондарын екі пакетке салып шыққан. Күдікті дүкенге терезені  сындырып кірген.  


Күдікті:

-20 телефон ұрламақ болдым. Бұл ойым жүзеге аспады.

 Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қолхатпен босатылды.
Жалпы жыл басынан бері мемлекеттік емес күзет құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен 25 қылмыстың беті ашылған болатын.