МТРА жаңалықтары

Санитарлық қызмет көше саудасымен күресуде.

Рейдке шыққан мамандарды қала көшелеріндегі  сауда иелері айғай-шумен қарсы алады. Ал олардың заңсыз сауда жасауы өз алдына, өнімдерінің сапасына кепілдік жоқ.  

Орал Майқанов, Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық- санитарлық инспекторы:
-Қазір малдарды санитарлық тексерістен өткізетін кез. Оларға екпе жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғындарға сүт және ет өнімдерін тек санитарлық бақылау бар жерден алуға кеңес беремін.

 


Мұндай шараларды мамандар әр апта сайын жүргізеді. 2010 жылдың бірінші тоқсанында тексеріске алынған 200 азық-түліктің 30 пайызы ағзаға зиянды болып шыққан.

Гүлшарат Қожатова, МСЭҚДК бас маманы:
-Міне өздеріңіз көріп тұрғандай, жаппай сауда өрескел заң бұзушылықтармен жүргізілуде. Азықтың   сапасын дәлелдейтін қағаздар жоқ. Саудагерлердің медициналық кітапшасы жоқ.Тауардың барлығы жерге қойылған.

Бірақ саудагерлердің өздері кәсіптерінен ереже бұзушылық көріп отырған жоқ. Кейбірі тіпті мұндай сауда керек дейді.

Сатушылар:
 -Біз өз өнімдерімізді сатамыз ғой.
Бұрыннан осында сауда жасап жүрміз.
ізге онда базардан орын берсін, сол кезде бірақ кетеміз.

Дегенмен санитар мамандардың көшедегі саудамен күрестері нәтижелі. 2009 жылы 10-ға жуық шағын базарлар өз қызметтерін тоқтатқан. Алайда көшедегі сауданың саны одан азайған жоқ.