МТРА жаңалықтары

Полицейлер мен дәрігерлер ардагерлердің үйлерін аралауда.

Ішкі істер департаментінің дәрігерлері ардагерлерге медициналық көмек көрсетті. Мамандар қарттарды медициналық тексеруден өткізіп, оларға госпитальда ем қабылдауға кеңес берді. 

 

 

ІІД дәрігерлері Ұлы Отан соғысы және Ішкі істер органдары ардагерлерінің денсаулықтарын ұдайы тексеріп отырады. Қан қысымын өлшеу, электро кардиограмма жасау, қан сараптау сияқты тексерістер жүргізу үшін ардагерлердің үйлеріне мамандардың өздері келеді. Бұл жолы дәрігерлермен бірге ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Мерген Жұмағұлов қарттарға барып, олардың жағдайларымен танысты.  Кезінде өздері де бейбіт өмір үшін күресіп, кейін ел тыныштығын сақтауға үлес қосқан ардагердер бүгінгі полицейлердің жұмыстарына құлақ түріп отырады. Өздеріне келіп тұратын полиция дәрігерлері де өз қызметтерін мінсіз атқарады дейді қариялар. Шын ықыластарымен олардың жағдайларын, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы сұрап біледі. Зейнеткерлер мұндай қамқорлыққа дән риза. Саулығын тілеп келген ақ халатты абзал жандар мен тәртіп сақшыларына алғыстары шексіз.  Дәрігерлер мерейтой қарсаңында ардагерлерді госпитальға жатып, емделуга шақырып жүр. Ұсынысты қабыл алған 93 жастағы соғыс және милиция ардагері Джура Кобелев емдеу мекемесіне жұбайы Екатерина Михайловамен бірге келген.

Джура Кобелев, ҰОСжәне ІІО ардагері:

-Мен жасап жатқан қамқорлыққа өте разымын. Мемлекетіміз, полиция басшылығы бізге көп көңіл бөлуде.

Полиция емханасында тіркеуде тұрған барлық қариялар дәрігерлер назарынан тыс қалмайды. Департамент басшылығы ардагерлердің Ұлы Жеңіс мерекесін шат көңілмен қарсы алуларына бар жағдайды жасамақ.