МТРА жаңалықтары

«Өз қаһарманыңды біл!» акциясы басталды.

Жалпы республикалық «Өз қаһарманыңды біл!» жастар акциясының тұсау кесері Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. Сынып сағаттары, шығармалар байқауы, рефераттар, видеороликтер, компьютерлік жұмыстар, ардагерлерге көмек көрсету – бұл үлкен жұмыстың тек басы ғана.


Арман Әлжанов
, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтары республикалық штабының бөлімше жетекшісі:
Осы Ұлы Жеңіс алдында форум болды. Әкім бізге жаңа мақсаттарды белгіледі. Қалалық, Жеңіс саябақтарын жинадық. Енді біздің Батырлардың аттар
ы берілген көшелерді тазалаймыз.

Жастар майдангерлерге деген құрметтің белгісі ретінде сенбілікке шықты.

Сергей Пресняков, Ұлы Отан соғысының ардагері:
астардың бұндай маңызды істерде алда жүргені дұрыс. Тарихты дәріптейтін, оны халыққа жеткізетін де кейінгі буын. Сондықтан да бұл жұмыстың маңызы зор.

Солтүстікқазақстандық
батырлардың есімдері тізілген буклет патриоттық жұмыстың бір парасы. Таралымы мың дана ғана болса да, мұндай ақпараттық қағаздардың алатын орны бөлек.
Кошуков, Матвеев, Даутов, Досмұхамбетов, Ахременко есімдері қалалық мектептерге, көшелерге берілген. Әбу Досмұхамбетов Днепр мен Припять өзендері аралығындағы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанған болатын. Дарынды балаларға арналған гимназия қаһарманның есімімен аталған. Дөңгелек үстелде гимназия шәкірттері батырдың немере інісі Сапар Дүйсенұлымен кездесті. Мұндай басқосулар өзге де қалалық білім ошақтарында ұйымдастырылды.
Ал Петропавлдың басты көшесінде жастар қозғалысының белсенділері Совет Одағы батырларының есімдері жазылған үнпарақтарды таратты.

Мирас Бектасов, “Жас Отан” ЖҚ қалалық бөлімшесі атқарушы хатшысының орынбасары:
-Біз буклет таратып жатырмыз.
Онда 53 батырдың есімі жазылған. Оны жастарға беріп жатырмыз.


Аға буын өкілдері жастардың ата-баба рухын биік ұстап, еске алып жатқандарына дән риза.

Сара Бижанова, қажы:
– Міне, келе жатыр едім, жастар осы буклетті ұсынды.
Әрине, біз бұл батырларды білуіміз керек. Олар елі, жері үшін күресті.